Ақтөбенің орталығында төбелес болып, ер адам көз жұмды

468

Өткен аптада өңірде 173 қылмыс тіркелген. 

Ақтөбенің орталығында төбелес болып, ер адам көз жұмды

Ақтөбе қаласының Әбілқайыр хан даңғылы бойында орналасқан дәмхана маңында төбелес болып, бір адам пышақ жарақатынан көз жұмды. Күдікті ұсталды, қамауда отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Ақтөбе қаласы ПД-не сілтеме жасап.

Оқиға 3 шілде күні сағат 6:35-те тіркелген.

"Полиция жасағы пышақ жарақатын алған ер адамды тапты. Жедел жәрдем оны Ақтөбе қаласының көпсалалы ауруханасына жеткізді. Алайда, жәбірленуші алған дене жарақатынан қайтыс болды. Патрульдік полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 37 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Қылмыстық кодекстің "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, өткен аптада өңірде 173 қылмыс тіркелген. Оның ішінде 56-сы - жеке мүлікті ұрлау, 29-ы - алаяқтық және 6 бұзақылық дерегі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу