Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
"Smart city бойынша рейтинг жасалып, Астана и Алматы алдыңғы орынға шыққанын көріп отырмыз. Тізімде Қостанай и Атырау соңғы орынға табан тіреді. Бұл бағыттағы жұмысты күшейту қажет", - деді ол министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде.
Бағдат Мусин Smart city жобасының тиімді тұстарына тоқталды. Оның сөзінше, видеобақылау жүйесімен 10 моноқала мен 58 аудан қамтылған. Ал, е-билеттеу жүйесі барлық облыс орталықтарында іске қосылды.
Еске салайық, осыған дейін 40 мемлекеттік қызмет проактивті форматта көрсетілетінін жазған болатынбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу