Әл-Фараби даңғылында болған жол апатына кінәлі жүргізуші тергеу изоляторына қамалды

102

Бұған дейін күдікті медициналық мекемеде айдауылмен болған.

Әл-Фараби даңғылында болған жол апатына кінәлі жүргізуші тергеу изоляторына қамалды Фото: Бейнежазбадан

Алматыда болған жантүргішерлік жол апатына кінәлі жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ZEEKR автокөлігінің жүргізушісі тергеу изоляторына жеткізілді. Бұған дейін күдікті медициналық мекемеде айдауылмен болған.

"Ол қылмыстық іс аясында әрі қарай күзетпен ұстау үшін тергеу изоляторына ауыстырылды", – деп хабарлады департаменттен.

Еске салайық, 21 наурызға қараған түні Zeekr көлігінің жүргізушісі Әл-Фараби даңғылының бойымен келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Mercedes автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Mercedes көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу