Әл-Фараби даңғылында болған жол апаты байланысты Zeekr жүргізушісіне сот үкімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Еркін Майшинов 32 жастағы Александр Пакке үкімді жариялады:
* Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 345-1-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейді.
* Сотталушы Пак өмір бойына жүргізуші куәлігінен (көлік басқару құқығынан) айырылды.
* Қаза тапқан қыздың әкесіне тиесілі талап арыз ішінара қанағаттандырылып, 10 миллион теңге көлемінде өтемақы белгіленді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу