Алакөлде құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істейді

233

Сүңгуір жабдықтарының 21 жиынтығы, жаңа қозғалтқыштармен жабдықталған 7 моторлы қайық, 2 резеңке қайық, 2 УАЗ, Нива, КАМАЗ және әмбебап "ТРЭКОЛ" автомашиналары бар. 

Алакөлде құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істейді Фото: Жетісу облысының әкімдігі

Алакөл көлінің жағалауында шомылу маусымы басталды, яғни бұл кезеңде Алакөл ауданының құтқару бөлімшесінің ұжымына тәулік бойы жұмыс істеу жүктеледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Құтқару бөлімшесінің басшысы Марат Смағұловтың айтуынша, бөлімшенің жеке құрамы 15 адамнан тұрады. 17 маусымнан бастап Алакөлге облыстық құтқару жасағынан 4 адамнан тұратын қосымша күш келді.

"Қазір Ақши мен Көктұма ауылдарында ұзындығы 15 шақырым жағажайда күн сайын моторлы қайықтармен құтқарушылар патрульдейді. 15 маусымнан бастап Көктұма ауылында 3 құтқарушы мен 1 моторлы қайықтан тұратын жылжымалы бекет орнатылды. Келешекте мұнда стационарлық құтқару бөлімшесінің үлгілік ғимаратын салу жоспарлануда. Сондай-ақ жұмыс істеп тұрған құтқару бөлімшесінің базасында 4 адамнан тұратын өрт сөндіру қызметі бөлімшесі жұмыс істей бастады", - деді М.Смағұлов.

Сонымен қатар демалыс маусымы басталар алдында құтқару бөлімшесінің қызметкерлері суға шомылуға қауіпті жерлерде 16 тыйым салу белгісін, судағы қауіпсіздік ережелері туралы 30 белгі орнатып, күн сайын демалушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, оларға жадынамалар таратылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу