Алакөлдегі өрт: Кінәлі адам анықталса, оған материалдық залалды өтеу жүктеледі

668

Маусым айында Алакөлде бірден 4 демалыс базасы отқа оранды

Алакөлдегі өрт: Кінәлі адам анықталса, оған материалдық залалды өтеу жүктеледі

ҚР ТЖМ өртке қарсы жағдай комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Титовтың айтуынша, өрттің тез таралуына және алаңның ұлғаюына жел, ауа райы және ағаштан салынған үйлердің тығыз орналасуы ықпал етті. 

"Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері 2 минутта жеткен. Одан әрі жақын жердегі бөлімшелерден, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардан қосымша автомобильдер тарту есебінен күштер мен құралдар саны артты.

Полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады, тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Тергеуге өрт сөндіру зертханасы тартылды. Егер кінәлі адам анықталса, тиісінше, оған үйлердің иелеріне келтірген материалдық залалды өтеу жүктеледі.

Ресми түрде зардап шеккендер тіркелген жоқ. Жақын маңдағы медициналық мекемеге жүгінген азаматтар болды, бірақ бұл көбінесе шок алу жағдайымен байланысты болды. Қажетті көмек көрсетілді", – деп жауап берді спикер Орталық коммуникациялар қызметі алаңында модератордың сұрағына. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу