Алакөлге жаңа ұшақ қатынай бастады

1526

Алматы облысының әуе компаниясы қаңтар айында қос ұшақпен толыққан болатын.

Алакөлге жаңа ұшақ қатынай бастады

Әуе кемесі алғаш рет Талдықорғаннан Үшаралға жолаушы тасымалдады, деп хабарлайды 24.kz.

Еске сала кетсек, Алматы облысының әуе компаниясы қаңтар айында қос ұшақпен толыққан болатын.

Чехияда құрастырылған әуе кемесін тізгіндеу үшін инженерлік құрам екі айлық дайындықтан өтті.

Саяхатшылар үшін билет құнының 30 пайызы субсидияланған. Яғни, Алматы – Үшарал бағытында – 10 мың, ал Талдықорған -Үшарал бағыты – 6 мың теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу