"Алалағандай болдық": Заңгер күміс әкелген Нариманға ештеңе бермеген көпшілікке ренжіді

13173

Бұл туралы Ләззат Ахатова әлеуметтік желісіндегі парақшада мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

"Алалағандай болдық": Заңгер күміс әкелген Нариманға ештеңе бермеген көпшілікке ренжіді Фото: Facebook парақшадан

"Медаль алмағандарға да көлік сыйлап жатқан жомарт қазақ, қоланы алтынға бергісіз етіп, қарсы алып жатқан қазақ, тіпті 9-орын алып келген спортшыға Астанадан пәтер беріп жатқан қазақ, бір Нариманға келгенде, тарылғандары қынжылтты", деп жазды Ләззат Ахатова.

Айтуынша, спортшы елімізге күміс сыйлап, гимнастикадан ешкім жетпеген жетістікке жетті.

"Сол жетістік тақиямызға тар кеп тұр ма? Айналдырған 7 медаль, өзі. Ұлтына қарап, алалағандай болдық қой, ұят болды..Атымызға, елдігімізге сын болды. Қазаққа күйеу бала болады екен, легионер емес, өзіміздің бала ғой. Туымызды арқасына жамылып, мәз боп жүрді, олимпиада төрінде.

Біздің қазақта жомарт азаматтар аз емес, әлі де басқаларға көрсеткен сый-құрметті жасауға кеш емес. Ұят болмасын, ағайын",- деді заңгер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу