Аланияда тас жолда шағын автобус пен жүк көлігі соқтығысты

464

Зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар да бар.  

Аланияда тас жолда шағын автобус пен жүк көлігі соқтығысты Фото: ntv.com.tr

Сыртқы істер министрлігінің алдын ала мәліметі бойынша, автобуста Қазақстан азаматтары болған.

Қазір оқиғаның мән-жайы мен қандастарымыздың жағдайын анықтау үшін консул дереу осы өңірге аттанған.

Туристік фургонның жүргізушісі мен украин гидінің оқиға орнында қаза тапқаны анықталды.

12 турист, оның ішінде алты адам ауыр жарақат алған, олар Алания және Манавгат аудандарындағы ауруханаларға жеткізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу