Аланияда жол апатына ұшыраған 6 отандасымыз бүгін елге оралады

417

Барлық ем шығындары сақтандыру полистері арқылы төленеді.

Аланияда жол апатына ұшыраған 6 отандасымыз бүгін елге оралады

Сыртқы істер министрлігі Түркияда жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтардың жағдайы туралы соңғы мәліметпен бөлісті.

"Қазіргі таңда Аланиядағы жол апатынан кейін емделіп жатқан 11 қазақстандықтың ішінен 6 азаматымыз емханадан шығарылды. Олар бүгін түнде Қазақстанға оралады. Қалған 5 азамат дәрігерлердің бақылауында қалып, қажетті ем алуын жалғастырып жатыр. Олардың жағдайы бірқалыпты", - делінген ведомствоның ресми мәліметінде.

Барлық ем шығындары сақтандыру полистері арқылы төленеді.

"Қазақстандық дипломаттар қайтыс болған отандасымыздың жақын туыстарына қажетті көмек көрсетіп жатыр. Тиісті құжаттарды рәсімдегеннен кейін отандасымыздың денесі жақын арада Қазақстанға жеткізіледі деп күтіліп отыр", - дейді министрліктен.

Айта кетейік, кеше Аланиядағы жол апатынан ауыр жарақат алған қазақстандық турист қайтыс болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу