Алаяқ әйел 4 млн теңгеге әкім лауазымын сатпақ болған

909

Бұдан бөлек басқа адамға банк директорының орнын да “уәде еткен”. 

Алаяқ әйел 4 млн теңгеге әкім лауазымын сатпақ болған Фото: Zakon.kz

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты алаяқтық дерегі бойынша айыптау үкімін шығарды, деп жазады inbusiness.kz astana.sud.kz сілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, азаматша Д. Кентау қаласының әкімі лауазымына жұмысқа орналасу сылтауымен А.-дан 4 млн теңге мөлшерінде ақшалай сыйақы үшін 650 мың теңге сомасында алдын ала төлем алған.

Бұдан бөлек айыпталушы Д. азамат М.-нан 3,6 млн. теңге сомасында ақшалай қаражат алып, оны 4 млн теңгеге банк директоры етіп орналастыруға уәде берген.

Сот үкімімен әйел Қылмыстық Кодекстің 190-бабының 1), 4) - тармақтарының 3-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Сот келтірілген залалдың ерікті түрде ішінара өтелуін, айыпталушының үш кішкентай баласының болуын жеңілдететін мән-жайлар деп таныды.

Жәбірленушілердің азаматтық талабы толық қанағаттандырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу