Алдағы 5 жылда АҚШ-тағы сауда орталықтарының 25 пайыздайы жабылады

874

Себебі дәстүрлі дүкендер Интернет жүйесіне көшуде.

Алдағы 5 жылда АҚШ-тағы сауда орталықтарының 25 пайыздайы жабылады

Электронды сауда бойынша Қытай көш бастап тұр. Бұл елдегі бөлшек сауда айналымының 23,7 пайызын электронды сауда құрайды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Одан кейінгі орындарға Еуроодақ елдері (14,8 пайыз), АҚШ (10,8 пайыз) және Оңтүстік Корея (7,2 пайыз) жайғасқан.
Алдағы бес жыл ішінде әлемдегі электрондық сауда 1 трлн АҚШ долларына ұлғаяды деген болжам бар.

Электрондық сауданың шексіз мүмкіндіктері дәстүрлі дүкендердің Интернет жүйесіне жаппай көшуіне алып келуде. Мәселен, соңғы екі жылда АҚШ-та 10 мыңнан астам дүкен жабылған. Алдағы бес жылда АҚШ-тағы сауда орталықтарының 20-25 пайызы жабылады деп болжануда.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтың сөзінше, 2018 жылдың қорытындысы бойынша елімізде онлайн-сауда нарығы 1,5 есе өсіп, 269 млрд теңгені құраған. Жалпы сауда көлемінің 2,9 пайызын электронды сауда құраған. Электронды саудадағы белсенді сатып алушылардың саны екі есе ұлғайып, 2,3 млн адамға жеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу