Алдағы оқу жылындағы оқушылардың демалыс уақыттары белгілі болды

140

Құжат Ашық НҚА порталында жарияланды. 

Алдағы оқу жылындағы оқушылардың демалыс уақыттары белгілі болды Фото: freepik

Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрық жобасында 2024 жылдың 1 қыркүйегі мен 2025 жылдың 25 мамыры аралығындағы оқу жылында қанша күн демалыс болатыны көрсетілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бірінші тоқсанда сегіз оқу аптасы болады, күзгі каникул 28 қазаннан 3 қарашаға дейін жеті күнге созылады.

Екінші тоқсанда сегіз оқу аптасы бар, қысқы демалыс – 10 күн. Демалыс 30 желтоқсаннан 2025 жылдың 8 қаңтарына дейін жалғасады.

Үшінші тоқсанда 10 оқу аптасы болады. Көктемгі демалыс – 11 күн, 2025 жылғы 21 наурыздан 31 наурызға дейін болады.

Бірінші сыныптар тағы жеті күн демаласады, олардың демалысы 3 ақпаннан 9 ақпанға дейін созылады.

Төртінші тоқсан сегіз оқу аптасынан тұрады.

9-10-сынып оқушылары үшін бітіру емтихандары 29 мамыр мен 9 маусым аралығында, 11-12-сынып оқушылары үшін емтихан 30 мамыр мен 12 маусым аралығында өтеді.

Бұйрық жобасын қоғамдық талқылау 18 маусымға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу