Алдағы жылы әуе компанияларының табысы азаяды

1052

Алдағы жылы әуе компанияларының табысы азаяды

Әуе көлігі халықаралық қауымдастығы (IATA) 2017 жыл әлемдік әуе тасымал компаниялары үшін қиын жыл болуы мүмкін деген болжам жасады. Атап айтқанда келер жылы әуе компаниялары 29,8 млрд доллар таза табыс табуы мүмкін. Бұл биылғы жылдан айтарлықтай аз. Бұған әлемдік ЖІӨ-нің азаюы, әуе компаниялары шығынының артуы мен мұнай бағасының өсуі себепші деп түсіндіріледі.

2016 жылды әуе компаниялары 35,6 доллар таза пайдамен жабуы мүмкін. 2017 жылы әлемдік әуе компаниялары шамамен 4 млрд жолаушы, 55,7 млн тонна жүк тасымалдайды. Әрбір сатылған билеттен түсетін табыс — 7,5 доллар көлемінде болады, деп жазады 7 kun.kz.

2017 жылы табыстың қомақты бөлігі Солтүстік Американың әуе компанияларына тиеселі болады. Олар 18,1 млрд доллар (биыл 20,3 млрд доллар табыс тапқан) табыс табуы мүмкін. Еуропалық компаниялар 5,6 млрд доллар (Биыл 7,5 млрд доллар), Азиялық-Тынық мұхит аймағы елдерінің әуе компанияларының табысы биылғы 7,3 млрд доллардан 6,3 млрд долларға дейін азаяды.

Еске салайық, IATA әлемдегі рейстердің 80% жүзеге асыратын 265 әуе компаниясының басын біріктіріп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу