Алдағы жылы Қазақстанда зейнетақы мен айыппұл өседі

1041

Алдағы жылы Қазақстанда зейнетақы мен айыппұл өседі

Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойды. Оған сәйкес,  жаңа жылдан бастап айыппұл мен зейнетақы көлемі өседі, деп хабарлайды 7kun.kz.

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы көлемі 24 459 теңгеге өседі. 2016 жылы бұл көрсеткіш 22 859 теңгені құраған еді. Ал осы жылы 25 824 теңгені құраған зейнетақының минималды көлемі 2017 жылдан бастап 28 148 теңгеге артады.

Түрлі әлеуметтік төлемдер мен сыйақыларды, айыппұл санкцияларын, салық және тағы да басқа міндетті төлемдерді есептеу үшін қолданылатын айлық есептік көрсеткіш (АЕК) жаңа заңнамаға сәйкес 2 269 теңгеге көтерілді. 2016 жылы бұл көрсеткіш 2 121 теңге еді.

Сондай-ақ, жаңа жылдан бастап базалық әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін қажет күнкөріс минимумы көлемін 24 459 теңге арттырады. Өткен жылы бұл сомма 22 856 еді. Мемлекеттік зейнетақының базалық көлемі де біршама өседі: 2016 жылы 11 965 теңге еді, жаңа жылдан бастап 12 802 теңге дейін өсіп, көлемі 9 пайызға артады.

Айта кетейік,  қаржы министрлігінің айтуынша, мемлекеттік бюджетке айыппұлдар есебінен түскен қаржының көлемі 2014 жылы – 44 573 877 мың теңге, 2015 жылы 33 601 112 мың теңге, 2016 жылдың қантар-қазан айлары бойынша 41 234 220 мың теңгені құраған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу