Теннистен Қазақстан командасының мүшесі, әлемнің 49-шы ракеткасы Александр Бублик Антальядағы АТР турнирінің бас жүлдесіне үміткер атанды, деп жазады Olympic.kz.
Бублик аса тартысты өткен жартылай финалдық бәсекеде франциялық Жереми Шардиді жеңді. Үш сетке созылған кездесуде қазақстандық спортшы 4:6, 6:7, 6:3 есебімен қарсыласын тізе бүктірді. Матч 2 сағат 5 минутқа жалғасқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу