Александр Бублик Сингапур турнирінің финалына шықты

846

Қазақстанның бірінші, әлемнің 46-ракеткасы Александр Бублик Сингапур ATP турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Александр Бублик Сингапур турнирінің финалына шықты

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 76-ракеткасы, молдовалық Раду Алботпен кездесті. Бірінші партияда Р.Албот 6:4 есебімен басымдылық көрсетті. Есесіне Бублик келесі екі сетте сәтті ойнады - 6:3, 6:4. Бәсеке 1 сағат 32 минутқа созылды. А.Бублик финалда әлемнің 114-ракеткасы, аустралиялық Алексей Попыринмен бас жүлдені сарапқа салады. Ол әлемнің 44-ракеткасы, хорватиялық Марин Чиличті 7:6 (7:5), 7:6 (7:2) есебімен ұтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу