Александр Вучич Қазақстанның қорғаныс және AI экожүйесімен танысты

134

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Александр Вучич Қазақстанның қорғаныс және AI экожүйесімен танысты Фото: primeminister.kz

Сербия Президенті Александр Вучич Қазақстанға ресми сапары аясында қазақстандық қорғаныс өнеркәсібінің, оның ішінде қорғаныс-өнеркәсіп кешені саласындағы қазақ-серб бірлескен жобаларының көрмесіне, "Астана" халықаралық қаржы орталығына және Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды.

АХҚО-да орталық жұмысының негізгі бағыттары, оның ішінде инвестицияларды тарту, мәмілелерді бір құрылымға келтіру, капитал нарығын дамыту және халықаралық жобаларға қолдау көрсету жөніндегі құралдар таныстырылды. Бизнесті сервистік қолдау инфрақұрылымына ерекше назар аударылды. АХҚО басқарушысы Ренат Бектұров АХҚО тартқан инвестициялардың жиынтық көлемі бүгінде $20 млрд-тан асқанын баяндады.

Александр Вучич Alem.ai орталығында Қазақстанның цифрлық саланы және ЖИ-технологияларды дамытуға бағытталған жүйелі тәсілдерімен танысты.

Сербия Президентінің назарына отандық әзірлемелер мен жасанды интеллект-стартаптар ұсынылды. Astana Hub-та IT-стартаптарды қолдау жүйесіне және жетекші әлемдік компаниялармен ынтымақтастықты дамытуға көңіл бөлінді. Сондай-ақ онда BestVision – өнеркәсіп пен тау-кен өндірісі үшін АІ-мониторингі, бейнесараптамасы және трекингі бар ақылды каска әзірлеуші; KazDream – бағдарламалық қамтамасыз ету, деректерді талдау және жасанды интеллект саласындағы стартап; Documentolog – электрондық құжат айналымын автоматтандыруға арналған ұлттық бұлтты сервис сияқты қазақстандық стартаптар таныстырылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу