Соңғы 30 жыл ішінде артериялық гипертензиямен ауыратын 30 жастан асқан адамдардың саны екі есе артып, 1,28 миллиардқа жетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сілтеме жасап.
Зерттеу 184 елде өмір сүретін жастары 30 бен 79 аралығындағы адамдарға жүргізілген. Қазіргі уақытта табысы төмен не орташа елдердің тұрғындары бұл ауруға жиірек шалдығады екен. Ал бай мемлекеттерде гипертониялық науқастардың қатары азайып жатыр. Мысалы, 2019 жылы Канада, Перу және Швейцарияда осындай динамика байқалған.
Ескере кететін жайт, қан қысымы шамадан тыс жоғары науқастардың жартысынан көбі (700 миллион) өздерінің дертке шалдыққанын білмейді.
ДДСҰ бұл ауру жүрек, ми және бүйрек ауруларының асқындыратынын және өлімге әкеп соғатын ауру екенін ескертті. Бірақ қан қысымын өлшеу арқылы гипертонияны дер кезінде анықтауға, дәрі-дәрмектермен емдеуге болады.
Табиғат Нұрболат
Фото: Unsplash.com