Әлемде вирус жұқтыру фактісі азайып келеді

952

15-21 ақпан аралығында вирус жұқтырудың 2 457 026 фактісі тіркелген.

Әлемде вирус жұқтыру фактісі азайып келеді

Әлемде коронавирус жұқтыру фактілері мен індеттен қаза тапқандар саны азайып, вирустың мутациясы анықталған елдердің қатары, керісінше, көбейіп жатыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы дерегіне сілтеме жасап. 

"Әлемде осымен алтыншы апта қатарынан вирус жұқтыру фактілері кемуде. Өткен аптада 2,4 миллион науқас тіркелді, бұл алдыңғы аптадағы көрсеткіштен 11%-ға аз. Соңғы үш аптаның ішінде өлім саны да қысқарды. Өткен аптада 66 мыңға жуық өлім тіркелді, бұл алдыңғы аптаға қарағанда 20%-ға аз", – деп жазылған ДДСҰ сайтында.

Ұйымның мәліметінше, әлемде 15-21 ақпан аралығында вирус жұқтырудың 2 457 026 фактісі тіркеліп, осы уақыт ішінде 66 359 адам дерттен көз жұмған. Британиялық штамм 101 елде, оңтүстікафрикалық штамм 51 елде, бразилиялық штамм 29 елде табылған.

Табиғат Нұрболат

Фото: iamexpat.de

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу