Әлемдегі ең қарт адам 117 жасында қайтыс болды

203

Ақпаратты оның отбасы X әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) хабарлады. 

Әлемдегі ең қарт адам 117 жасында қайтыс болды Фото: 24 канал

Әлемдегі ең қарт адам Мария Браньяс Морера Испанияда 117 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мария Браньяс бізді тастап кетті. Ол өмірден өзі қалағандай кетті. Ұйқысы тыныш және еш ауыртпалықсыз өмірден өтті", – делінген постта.

Мария Браньяс 1907 жылы Сан-Францискода дүниеге келген. Отбасы 1915 жылы Испанияға көшкен. 1931 жылы ол каталондық дәрігерге тұрмысқа шыққан. Жолдасы бар жоғы 46 жыл өмір сүрген. Әйел 92 жастан бастап каталонияның Олот қаласында тұрып, наурыз айында 117 жасқа толған күнін атап өтті.

Браньяс Морера өмірінде екі дүниежүзілік соғыстан, испан тұмауының пандемиясынан, Испаниядағы азаматтық соғыстан және коронавирустық пандемиядан аман қалған. 2023 жылдың қаңтарында француз монахы Люсиль Рэндон 118 жасында қайтыс болған еді. Ол Гиннестің рекордтар кітабында ресми түрде әлемдегі ең қарт адам деп танылды.

Қазір әлемдегі ең қарт адам - ​​1908 жылы 23 мамырда дүниеге келген жапондық Томико Итоока. Америкалық геронтологиялық зерттеу тобының мәліметінше, ол қазір 116 жаста.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу