Әлемдегі ең жылдам марафоншы қайтыс болды

382

Кениялық желаяқ 11 ақпан күні түнде көлік тізгініне ие бола алмай қалған. 

Әлемдегі ең жылдам марафоншы қайтыс болды Фото: спорт экспресс

Әлемдік марафон рекордының иегері Келвин Киптум 24 жасында көз жұмды, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Жол-көлік оқиғасы өз елінде болған. Марафоншы айдап келе жатқан "Тойота Премио" көлігі жол бойындағы ағашқа соғылған. Полиция ақпараты бойынша Келвин Киптум көлікті басқара алмай қалған. Оқиға орнында спортшы мен жаттықтырушысы Жерве Хакизиман көз жұмды. Ал олармен бірге болған Шэрон Кости есімді әйел ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген. 

Айта кетейік, Келвин Киптум Кениядан шыққан талантты спортшылардың бірі болды. Желаяқ 2023 жылы отандасы Элиуд Кипчогенің марафондағы рекордын жаңартты. 42 шақырым, 195 метрді 2 сағат 35 секундта жүгіріп өтті. Рекордын Чикаго марафонында тіркеді. Ал биыл 14 сәуір күні Роттердамда өтетін марафонда ол 2 сағат ішінде жүгіріп жетуге дайындалып жүрген. 

Келвин Киптумның артында әйелі мен екі баласы қалды. Биыл желтоқсан айында 24 жасқа толар еді. Ал жуырда ғана World Athletics оның рекордын ресми түрде әлемдік үздік көрсеткіш деп таныған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу