Әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр

736

Қор индекстерінің фьючерстерінің де құны артты.  

Әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр

Жаһандық мұнай құны осы аптада 1,5%-ға қымбаттады. Бұған әсер еткен фактор – коронавирус дертіне шалдыққан АҚШ президенті Дональд Трамптың жағдайы жақсарды деген ақпарат. 

Ескере кететін жайт, бір айдан кейін Құрама Штаттарда президенттік сайлау өтеді. Үміткерлердің біреуінің ауруға шалдығуы нарықтағы құбылмалылыққа әкеліп соқты. Сондықтан өткен аптада шикізат бағасы төмендеп, жаппай сатылым басталған еді. 

Бұған дейін өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси фискалды ынталандыру туралы келіссөздердің сәтті өтіп жатқанын мәлімдеген еді. Бұл фактор нарыққа оң әсерін тигізіп, мұнаймен қатар қор индекстерінің фьючерстері де қымбаттады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу