Әлемдік мұнай бағасы күрт құлдырап кетті

912

Сағат 15.00-дегі жағдай бойынша, Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 18 доллар болды.

Әлемдік мұнай бағасы күрт құлдырап кетті

20 сәуірде WTI сұрыпты мұнай баррелінің бағасы минус 40 долларға дейін түсіп кеткеннен кейін, әлемдік мұнайдың негізгі сұрыптарының құны жоғала бастады. 
CNBC басылымының соңғы мәліметі бойынша, Brent сұрыпты мұнай баррелі 28%-ға арзандап, қазір 18 доллар деңгейінде саудаланып жатыр. Мұндай көрсеткіш шамамен соңғы 18 жыл ішінде тіркелмеген.

Ал WTI сұрыпты мұнай баррелінің құны қазір 7,45 долларға саудаланып жатыр. Яғни трейдерлер шикізат сатып алушыларына мұнайды сатып алғаны үшін ақша төлеуде. 

Rystad Energy сарапшысы Луиза Никсон: "Бұл тарихи сәт. Наурыз айынан бергі шикізат нарығындағы жағдайдың қандай екені белгілі болды. Ол кезде ұсыныс мөлшері көп болса да, нарықтағылар ешқандай шара қолданбап еді", -дейді. 
Жаңа коронавирус пандемиясы сұраныстың күрт азаюына әкеліп соқты. Халықаралық энергетика агенттігінің дерегінше, сәуір айында мұнайға деген сұраныстың бір күндік мөлшері былтырғы жылмен салыстырғанда 29 млн баррельге аз болуы мүмкін. Кей сарапшылар бағаның осылай төмен болуы біраз уақытқа дейін созылады деп топшылап отыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу