Әлемдік мұнай өндірісі төмендеп келеді

1075

Осыған байланысты "қара алтын" бағасы өсті. 

Әлемдік мұнай өндірісі төмендеп келеді

Осы аптада ОПЕК+ мүшелері кездесу өткізіп, мұнай өндірісіне қатысты шешім қабылдайды. Кей ақпарат құралдарының дерегіншще, олар шикізат өндірісінің көлемін 2020 жылдың жазына дейін қайтадан қысқартуы мүмкін. 

Bloomberg агенттігінің соңғы дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қаңтарындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 0,3%-ға  көтеріліп, баррелі 61,12 доллар болды.  

Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қаңтардағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 22 центке қымбаттап, барреліне 56,18 долларды құрады.

Айта кету керек, мұнай бағасының тұрақты түрде көтерілуіне түрткі болып отырған триггерлердің қатарында өткен аптада америкалық мұнай қорының қысқаруы және АҚШ пен Қытай келіссөздерінің ілгерілеуі де бар.  

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу