Әлемдік нарықта алтын бағасы қымбаттады

599

Бүгін 3 қаңтарда ICE биржасында фьючерстік алтын бағалары бір унция үшін 1856 долларға дейін көтерілді.      

Әлемдік нарықта алтын бағасы қымбаттады Фото: egemen.kz

3 қаңтарда алтынның бағасы бір унция үшін 1834 доллар болып белгіленді. Алтын соңғы рет маусым айында қымбаттады. Қазан-қараша айларында оның құны төмендеп, $1650 жетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

РБК хабарлағандай, бағалы металға сұраныс доллардың әлсіреуінен артып: "АҚШ валютасының құлдырауы металдың тартымдылығын арттырады, өйткені алтын бағасы басқа валюталармен жұмыс істейтін инвесторлар үшін арзандайды".

АҚШ-тағы соңғы 40 жылдағы ең жоғары инфляцияға байланысты ФРЖ желтоқсан айында жылдық мөлшерлемені 4,5%-ға дейін көтерді.

"Бұған дейін Bank of America сарапшылары алтынның құны келесі жылы бір унция үшін 2000 доллардан асуы мүмкін деп болжаған болатын, өйткені барлық қымбат металдардың ішінде алтын ФРЖ ақша-несие саясатының өзгеруінен көп пайда көруі керек. АҚШ реттеушісінің 2023 жылы ставкалардың агрессивті өсуінен бас тартуы сатып алушыларды нарыққа қайтаруы керек, яғни қымбат металл бағасы өседі", - деп жазады РБК.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу