Оның айтуынша әлемге пандемия, қақтығыстар, санкциялар, климаттың өзгеруі және басқа да жаһандық мәселелер әсер етіп жатыр.
"Барлығымыз әлемдегі геосаяси шиеленістер мен қақтығыстардың өсу деңгейін көріп отырмыз. Елдер арасындағы сенімсіздік, соғыстар, жалғасып жатқан террористік белсенділік, халықаралық ұйымдар тиімділігінің жеткілікті деңгейде еместігі әлемдік жағдайға теріс әсер етеді. Осындай жағдайда бұл форум халықаралық қоғамдастыққа маңызды үндеу жібере алады. Атап айтқанда, диалогқа шақыру, қайшылықтарды жеңу, қақтығыстарды тоқтату және бейбітшілікке қол жеткізу", – деді спикер.
Бұдан бөлек Мәулен Әшімбаев пандемия салдарынан туындаған экономикалық және әлеуметтік проблемалар, адамдардың өмір сүру деңгейінің төмендеуі, мәжбүрлеп оқшаулау наразылықтың өршуіне себеп болғандығын да атап өтті.
Осыған дейін Нұр-Сұлтанда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің XX Хатшылығының отырысы өтіп жатқанын https://inbusiness.kz/kz/last/elordada-alemdik-zhane-dasturli-dinder-liderleri-sezinin-xx-hatshylygynyn-otyrysy-otip-zhatyr жазған болатынбыз.