Әлемнің орталық банктері жаппай алтып сатып алып жатыр

1191

Еліміз, керісінше, бағалы металдың 9,9 тоннасын сатты. 

Әлемнің орталық банктері жаппай алтып сатып алып жатыр Фото: reuters.com

2021 жылдың екінші тоқсанында бірқатар елдің орталық банктері алтын сатып алды, деп хабарлайды Inbusiness.kz алтын жөніндегі дүниежүзілік кеңестің мәліметіне сілтеме жасап.

Ұйымның дерегіне сүйенсек, сәуір және маусым айлары аралығында алтынды әсіресе дамушы елдердің орталық банктері сатып алған. Олардың қатарында Таиланд (90,2 тонна), Венгрия (62 тонна), Бразилия (53,7 тонна), Үндістан (29 тонна) және Өзбекстан (25,5 тонна) бар.

Экономистердің айтуынша, реттеушілер мұндай шара қабылдау арқылы өсіп келе жатқан инфляциядан сақтанып,өздерінің халықаралық қорларын әртараптандырмақ.

Кейбір орталық банктер, керісінше, алтын қорын сата бастаған. Ресейлік орталық банк бағалы металдың 3,1 тоннасын, Германияның Бундсбанкі — 3,3 тоннасын, қазақстандық реттеуші 9,9 тоннасын сатты.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу