Әлеуметтік желілерде Абайдың шығармаларын жатқа оқу бойынша челлендж іске қосылды

371

Елорданың ҚХА өкілдері Абай күніне арналған челленджге қатысады. 

Әлеуметтік желілерде Абайдың шығармаларын жатқа оқу бойынша челлендж іске қосылды Фото: Астана қаласының әкімдігі

Биыл елімізде ақын Абай Құнанбайұлының 178 жылдығы атап өтіледі. 10 тамыз ақынның туған күніне орай әлеуметтік желілерде қазақ қайраткерінің еңбектерін насихаттайтын челлендж бастау алды.

Оған елорданың Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, оның ішінде ұйымның жастар қанатының өкілдері белсенді қатысады.

Елордада тұратын түрлі этностардың өкілдері Абайдың өлеңдерін жатқа оқып, әлеуметтік желіде #abaychallenge хэштегімен бейнероликтер жариялайды.

Еске сала кетсек, 10 тамызда Астанада Абай Құнанбайұлының шығармашылығы мен өмір жолына арналған ондаған түрлі іс-шаралар өткізіледі.

Мерекелік ісшаралар ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу