Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының атауы осы айдың соңына қарай белгілі болады. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Ғұмар Серғазин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Шамамен 27 мың өтініш келіп түсті, оларды конкурстық комиссия іріктеп жатыр. Жақында оның нәтижелері туралы хабарлаймыз. Конкурстық комиссияның отырысында тиісті шешім қабылданады. Меніңше, осы айдың соңына дейін белгілі болады", – деді Ғұмар Серғазин Сенат кулуарында.
Айта кету керек, бұған дейін Қазақстандағы алғашқы АЭС атауына тұрғындардан қанша ұсыныс түскені айтылғанын жазғанбыз. Конкурс қыркүйекте басталған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу