"Бірінші кезекте біздің ардагерлерімізге өскелең ұрпаққа берген баға жетпес тәжірибесі үшін, кеншілерге, металлургтерге, құтқарушыларға, дәрігерлерге батылдығы мен ерен еңбегі үшін, жастарға – ыстық жүректері үшін, еріктілерге – мейірімділігі үшін алғыс айтқым келеді", – деді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ербол Әліқұлов.
Марапатталғандардың арасында Апаттар медицинасы орталығының жедел әрекет ету бригадасының дәрігері Алмагүл Алдабекова да алғыс хат алды.
Ол қазақстандық құтқарушылар делегациясының құрамында екі апта Түркияда болып, фельдшермен бірге жер сілкінісі кезінде зардап шеккен 90 адамға және олардың туыстарына алғашқы медициналық көмек көрсетті.