Әлихан Смайылов Әділет министрлігіне жүргізілген аудит қорытындысы туралы айтты

66

Тексеру нәтижесі Антикорға берілген.  

Әлихан Смайылов Әділет министрлігіне жүргізілген аудит қорытындысы туралы айтты Фото: primeminister.kz

Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов Әділет министрлігіне жүргізілген аудит қорытындысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"2023 жылға арналған мемлекеттік аудит нысандарының тізіміне сәйкес, Жоғары аудиторлық палата Әділет министрлігі мен ведомстволық бағынысты ұйымдарында жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша республикалық бюджеттің пайдалануына қатысты аудиторлық шаралар жүргізді. Біздің қорытындыны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі алды және осыған байланысты жекелеген тұлғалар тобы ұсталды", – деді Әлихан Смайылов Сенат кулуарында.

Тілшілер Антикор аудит қорытындысын алғаннан кейін экс-министр Марат Бекетаев ұсталды ма деп нақтылады.

"Бекетаевтың ұсталуына не себеп болғанын білмеймін. Бірақ біз аудит жүргізіп, оны (ред. – қорытындыны) агенттік алды", – деп қысқа қайырды Жоғары аудиторлық палата басшысы.

2023 жылдың қазан айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевты лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдік бойынша ұстады. Экс-шенеунікке қатысты тергеу амалдары биылғы шілде айында аяқталды.

Айта кету керек, осыған дейін Жоғары аудиторлық палата қайырымдылық қорларының жұмысын тексере алмайтынын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу