Алименттен жалтарғандардан қарызды өндіріп алудың жаңа механизмі енгізіледі

361

Енді борышкерлердің жаңа кіріс көздері тексерілетін болады. 

Алименттен жалтарғандардан қарызды өндіріп алудың жаңа механизмі енгізіледі Фото: Boonchai Wedmakawand

Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жаңа кіріс көздерін анықтау және оларды қарыздарды өндіріп алу үшін пайдалану мүмкіндігіне талдау жүргізіледі. Кіріс көздеріне электрондық әмияндардан, букмекерлік компаниялардан, биржалық саудадағы бағалы қағаздармен, криптовалюталармен болатын операциялардан, дропшипингтен, желілік маркетингтен, такси қызметтерінен және т.б. алынған кірістер жатады. Бұл механизм қарыздарды өндіріп алудың тиімді құралдарының бірі деп санаймыз", - деді спикер.

Талғат Уәли елімізде "Борышкер" рейдтік іс-шарасы аяқталғанын жеткізді. 

Сөзінше, оның нәтижелері бойынша 329 автокөлік құралы арнайы тұраққа қамалып, борышкерлерден 226,4 млн теңге қаржы өндірілген.

Қамалған көліктердің негізгі бөлігі Шымкент қаласында – 123 бірлік. Астана қаласында – 50, ал Абай облысында 42 көлік құралы қамауға алынды.
 
Айта кету керек, осыған дейін өздерін сот орындаушылары деп таныстыратын алаяқтар пайда болғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу