Әлімханұлының допинг сынамасынан қандай заттың табылғаны анықталды

Қазақстандық боксшының Эрисланди Ларамен көптен жоспарлаған жекпе-жегі өтпейтін болды.

Әлімханұлының допинг сынамасынан қандай заттың табылғаны анықталды Фото: sport.kz

BoxingScene басылымы VADA боксшының допинг сынамасынан тыйым салынған мельдоний дәрілік затын тапқанын жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Мельдоний – Шығыс Еуропаның кейбір елінде рецеп бойынша берілетін дәрі. Бірақ, кәсіпқой боксшы бұл затты бұрын-соңды қолданғанын жоққа шығарғандықтан, мәселе даулы болуы мүмкін. 

Мельдоний 2016 жылы Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) жарыс кезінде де, жарыстан тыс уақытта да қолдануға тыйым салынған дәрілер тізіміне енді. 

Кеше ғана Жәнібек Әлімханұлының допинг-тесті оң нәтиже көрсеткенін жаздық. 
Ал Жәнібек Әлімханұлының өзі "Бұл қиындықтан да өтеміз, бұйыртса!" деп мәлімдеме жасады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу