Алмарасан шатқалында 2 жасөспірім адасып кетті

211

Құтқарушылар түн ішінде оларды аман-есен шатқалдан шығарды.  

Алмарасан шатқалында 2 жасөспірім адасып кетті Фото: welcome.kz

Алматыдағы Алмарасан шатқалында жолдан адасып қалған 16 жастағы қыз бен жігітті ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы түнде тауып, қауіпсіз жерге түсірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жасөспірімдер тауда серуендеп жүріп соқпақтан шығып кеткен. Құтқарушылар оларды іздеу үшін тау бөктерімен жаяу көтеріліп, түнгі уақытта құтқару жұмыстарын жүргізді.

Табылған балаларға медициналық көмек қажет болған жоқ. Құтқарушылар оларды туыстарына тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу