Бас прокуратура 1,2 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінген Алмасбек Садырбайға қандай айып тағып отырғаны белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
"Қазіргі таңда А.Садырбай ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты тергеу изоляторында күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасымен қамауға алынған", - деп хабарлады Бас прокуратура Kazinform-ға берген жауабында.
Айта кету керек, бұған дейін "Шаңырақ" қоғамдық бірлестігінің басшысы Алмасбек Садырбайдың аса ірі мөлшерде алаяқтық әрекеті әшкереленгенін жазған едік.