Алматы 100 жаңа троллейбуспен толығады

549

Мәслихат сессиясында қала әкімі Ерболат Досаев қоғамдық көлік қала тұрғындарының жайлы өмір сүруі және жолдағы кептелісті азайту мен ауа сапасын жақсарту үшін басты қажеттілік екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.    

Алматы 100 жаңа троллейбуспен толығады Фото: vlast.kz

Осыған байланысты қоғамдық көлікті дамытуда автобус паркін экологиялық автобустармен жаңартуға басымдық беріледі.

"2023 жылы газбен жүретін 300 автобус сатып аламыз. Сонымен қатар троллейбус паркін жаңарту жалғасады, біз 6,4 млрд теңгеге 100 троллейбус сатып алуды көздеп отырмыз. Осы шаралардың арқасында қызметтердің сапасын жақсартып, қоғамдық көлік қозғалысының интервалын азайтамыз", - деп мәлімдеді Е.Досаев.

Қалалық маршруттарды субсидиялауға 55,9 млрд теңге қарастырылған. Бұл 30 маршруттағы автобустарды жаңартуға және оларды қосымша 400 бірлікпен нығайтуға мүмкіндік береді. Әкімдіктің хабарлауынша, бұл қоғамдық көлік қызметтерінің сапасын жақсартады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу