Алматы: 12 мыңнан аса адам ковидке қарсы екпенің екінші компонентін алды

1073

Қалаға сәуірдің соңына дейін 300 мың вакцина жеткізіледі.

Алматы: 12 мыңнан аса адам ковидке қарсы екпенің екінші компонентін алды

2021 жылдың 8 сәуіріне дейін Алматыда 49 мың адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынды. Оның 12 281-і екпенің екінші компонентін алған. Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Алдымен ол қаладағы эпидемиологиялық жағдай күрделі екенін, күніне 700-ден аса адам вирус жұқтырып жатқанын атап өтті.

Оның пікірінше, COVID-19-дан қорғанудың жалғыз жолы – вакцина алу. 

"Бүгінде Алматыда 2 млн-нан аса адам тұрады. Сондықтан вакцинаны қаладағы 1 млн тұрғынға салуды жоспарлап отырмыз... 2021 жылдың 1 ақпанынан 8 сәуіріне дейін 49 мың адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынды. Оның 12 281-і толық екпе алды", - деді Нариман Табынбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Басқарма басшысы соңғы тәулікте 1 180 алматылыққа вакцина салынғанын жеткізді. 

"Жалпы 10 263 медицина қызметкері, 8 285 педагог, 6 мыңнан аса құқық қорғау органдары қызметкері, 307 мемлекеттік қызметкері, 4 567 созылмалы ауыруы бар адамға СOVID-19-ға қарсы екпе салынды", - деді директор.

Оның айтуынша, вакцинация басталғалы бері Алматыға 68 650 екпе жеткізілді. 

"Жалпы 49 160 адамға екпе салынды. Бүгінде қалада 19 490 екпе қалды. 13 сәуірге дейін қалаға тағы 69 мың вакцина алуды жоспарлап отырмыз. Осы айдың соңына дейін Алматыға 300 мыңнан аса вакцина жеткізіледі. Алайда бұл дерек тағы нақтыланады. Арнайы штаб құрылды. Ондағы мамандар бұл дозаларды вакцинация пунктеріне таратады", - деп түйіндеі сөзін Нариман Табынбаев.

Айта кетейік, Еске салайық, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина 21 күн аралықпен 2 рет салынады. Бірінші доза антиденелердің шағын көлемде шығарылуына байланысты ұзақ сақталмайтын қорғаныс әсер береді. Екінші доза бірінші кезеңдегі вакцина әсерін күшейтеді және адам ағзасындағы антиденелер саны ұлғаяды.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу