Алматы әкімдігі мектептердің онлайн және офлайн форматта жұмыс істеуіне қатысты пікір білдірді

1252

Мектептер 22 қаңтардан бастап дәстүрлі формат жұмысын бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Алматы әкімдігі мектептердің онлайн және офлайн форматта жұмыс істеуіне қатысты пікір білдірді

"Қазіргі қаулыда біз сол нәрсені қайталадық. Дәстүрлі формат: 1-4 сыныптар, 600 оқушыға дейінгі мектептер. 600-ден астам оқушысы бар мектептерде – толтыру жобалық қуаттылықтың 50%-ын құрайды. Мысалы, егер мектеп 1 200 оқушыға есептелген, онда 600 бала дейін оқуға рұқсат етіледі. Олардың 400-і 1-4-сынып оқушылары, қалған 200-і басқа сыныптардың балалары", – делінген хабарламада.  

Бұл форматтағы оқу қанша уақытқа созылатыны эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Сырқаттанушылық төмендеген соң бәрі әдеттегі оқу форматына оралады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу