Оқиға 7 наурыз күні сағат 11:45 шамасында ішкі терминалда болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алматы әуежайының мәліметінше, ер адам өзін жолаушы ретінде таныстырып, рейс алдындағы қауіпсіздік аймағына жақындаған.
Қызметкер оның құжатын сұраған кезде, ер адам оны ұстап алып, пышақ кезенген.
Полиция мен авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері 7 минуттан кейін шабуылдаушыны ұстап, қаруын тартып алды.
Қазір ол қамауға алынды. Құқық қорғау органдары мән-жайды анықтап жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу