Қайғылы оқиға кеше, 29 қыркүйек күні Алматы – Бішкек тас жолының 107-шақырымында орын алған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Алдын ала деректер бойынша, Lexus көлігі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Toyota Alphard-пен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан сегіз адам оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза тапты, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады полиция.
Полиция оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын, оның барысында апаттың барлық мән-жайы анықталатынын айтты.
Құқық қорғаушылар жүргізушілерді жол ережесін қатаң сақтауға және жолда аса мұқият болуға шақырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу