Алматы-Бішкек тас жолында жол апатынан 5 адам бақилық болды

1272

Тағы үш адам жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Алматы-Бішкек тас жолында жол апатынан 5 адам бақилық болды

Алматы облысында Алматы-Бішкек тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бішкек бағытында қозғалған Shacman жүк көлігі мен Мазда 626 жеңіл көлігі соқтығысып, 5 жолаушы көз жұмды.

Ауыр көлік жүргізушінің айтуынша, қарсы беттен шыққан Mazda 626 көлігі ойқастап, біресе оңға, біресе солға қарай шайқалып, ақыры жолдың шетіне соғылып, содан ұшып тура ауыр жүк көлігінің астына түскен. Қатты соққыдан жүк көлігінің алдыңғы доңғалағы жұлынып кеткен, ал жеңіл көліктің сау тамтығы қалмаған.

"Мазда 626 мен Shacman жүк көліктерінің қатысуымен болған жол апаты Алматы-Бішкек тас жолының 84 шақырымында болды. Оқиға орнында бес адам қаза тауып, тағы үш адам жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Облыстық полиция департаменті осы жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу ісін бастап кетті",– деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қаза тапқандар ішінде үш бала бар. Жол апатынан көз жұмған және жараланған адамдарды төтеншеліктер көліктен алып шықты.

Жол оқиғасы орнында Алматы облыстық полиция департаментінің тергеушілері жұмыс істеуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу