Алматы-Бішкек тасжолында автобус аударылып, екі жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды 24.kz.
Оқиға жолдың 62-шақырымында бүгін таңғы сегіз шамасында Ұзынағаш ауылының маңында болған. Осы елді мекен ауруханасына түрлі жарақаттармен 10 адам жеткізілген. Оның бірі – кәмелетке толмаған жасөспірім.
Алматы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шымкеттен Алматыға бет алған автобуста 43 жолаушы отырған. Мамандар жүргізушінің көлік тізігініне ие бола алмай қалғанын айтады. Қазір осыған байланысты қылмыстық іс қозғалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу