Алматы облысында Алматы – Бішкек тасжолында мопед пен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жол-көлік оқиғасы түскі уақытта болған. Полицияның алдын ала мәліметінше, Toyota маркалы жеңіл автокөліктің жүргізушісі қосалқы жолдан басты жолға шыққан кезде мопедпен соқтығысқан.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу