Алматы – Бішкек тасжолында жантүршігерлік апаттан 7 адам қаза тапты

269

Аталған оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары басталды.

Алматы – Бішкек тасжолында жантүршігерлік апаттан 7 адам қаза тапты Фото: Бейнежазбадан

Алматы – Бішкек тасжолында минивэн жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты тасжолдың 129-шақырымында болған. 

"Алдын-ала мәлімет бойынша Honda Odissei автокөлігінің жүргізушісі алда қозғалып бара жатқан HOWO жүк көлігінің тіркемесіне соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жеңіл автокөлікте болған жеті адамның бәрі, оның ішінде жүргізуші де алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты", – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу