Кеше Алматы облысы, Ұзынағаш ауылының маңында жолаушылар автобусы аударылды. Алдын ала болжам бойынша, 41 жастағы жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай қалған, деп хабарлайды 24.kz.
Түнде Алматы облысында қар жауған еді. Автобустың жолдан шығып кетуіне көктайғақ себеп болуы мүмкін. 43 жолаушысы бар автобус кеше кешкі 18:00-де Сарыағаштан шыққан. Екі адам апат кезінде жантәсілім етсе, үшінші жолаушы Жамбыл ауданының ауруханасында көз жұмды. Тергеушілердің сұрақтарына жауап берген соң, автобус жүргізушісін де жедел жәрдем алып кетті
Қазір ауруханаларда 8 адам жатыр. Біразының миы шайқалып, омыртқасына зақым келген. Бірен-саран жолаушы болмаса, көпшілігі апат кезінде ұйықтап отырған.
Қайтыс болған адамдардың үшеуі де – ер адам. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмдардың үшеуі де – Сарыағаштың тумасы. Автобус апатының нақты неден болғаны тиісті сараптамадан кейін анықталады.