Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

2087

Бұл қызметке Ерлан Қожағапанов келді.

Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

Алматы қаласы әкімінің өкімімен ҚР Президенті әкімшілігінің келісімі бойынша Ерлан Қожағапанов Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ерлан Қожағапанов 1968 жылы туған. 1992 жылы Қарағандының мемлекеттік университетін "Экономика" мамандығы бойынша, 1999 жылы Алматы мемлекеттік университетін "Қаржы" мамандығы бойынша бітірген. 2006 жылы РФ Мемлекеттік кеден комитетінің Ресей кеден академиясын "Юриспруденция" мамандығы бойынша тәмамдаған. 1987-1989 жылдары КСРО Қарулы күштері қатарында әскери міндетін өтеген.

1990 -1994 жылдары – кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.

1994 – 2007 жылдары – мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарда жұмыс жасаған.

2007 - 2013 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары болған.

2013 - 2016 жылдары – ҚР спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы, ҚР футбол Федерациясының президенті міндеттерін атқарған.

2016 - 2017 жылдары – ҚР премьер-министрінің көмекшісі;

2017 жылдан ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болған

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу