Алматы қаласында 8 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

424

Олар: Innova Gold, QOZGAN, Тhe Finiko, Grand lux house, Tender, "Альфа Сейлс Консалтинг", "Forex клуб", Rich Beach.  

Алматы қаласында 8 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды Фото: astana.sud.kz

Өткен жылы Алматыда 8 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы экономикалық тергеу департаментінің өкілі Жақсылық Мырзахан мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Оның айтуынша, былтыр Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті қала аумағындағы 8 қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты.

Қылмыстық кодекстің 217-бабымен қаржы пирамидасы бойынша қозғалған 6 қылмыстық іс сотқа жолданды: "Caspian Crocus", "TheFiniko", "World Business Consulting" – 2, "Qozgan Inc", "B2B Jewelry".

Жоғарыда аталған қаржы пирамидаларынан 3500-ден астам азамат зардап шекті.

"Мәселен, "Qozgan Inc" қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқталды. Ұйымдастырушылар азаматтарға өздерінің ақшалай қаражаттарын тендерлік жобаларға салуды ұсынды, бұл 105 күн ішінде салым сомасының 5-30 пайызға дейін еселеп қайтаруға болады деп сендірген. Салымшылардың жалпы саны 50-ден астам адамды құрайды, келтірілген залал сомасы 270 миллион теңгеден асты", – деді Алматы қаласы экономикалық тергеу департаментінің өкілі Жақсылық Мырзахан.

Сондай-ақ, құрамында алтын элементтері бар алтын құймалары мен косметикалық өнімдерді сататын интернет-дүкен ретінде жасырынған "Innova Gold" инвестициялық пирамидасын ұйымдастырушыға қатысты сотқа дейінгі іс тергеліп жатыр.

Жақсылық Мырзаханның айтуынша, экономикалық тергеу қызметі қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың банк шотына, жылжымалы және жылжымайтын мүлкіне тыйым салынды.

World Business Consulting қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық іс бойынша сегіз жәбірленушіге келген 34, 2 млн теңге залал өтелді.

Бұған дейін "B2B Jewerly" қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық іс бойынша 230-дан астам жәбірленушіге 300 миллион теңге шығын төленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу