Қаржылық монитринг агенттігі үндеу жасады: Қаржы пирамидасына қайта қаржы құю жағдайлары жиіледі

574

Қазақстанда қылмыстық әрекеті сотта дәлелденген қаржы пирамидаларына қайта қаражат құю жағдайлары жиілеген. Бұл жөнінде Қаржылық монитринг агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz агенттікке сілтеме жасап.  

Қаржылық монитринг агенттігі үндеу жасады: Қаржы пирамидасына қайта қаржы құю жағдайлары жиіледі Фото: zakon.kz

Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, "оларды бұрынғы жалған инвестициялық қызметтің ойдан шығарылған тұрақтылығын көрсетіп", танымал атауларды, ақша тартудың бірдей әдістерін қолданатын арам пиғылды адамдар ашады.

"Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі LV Force, World Business Consulting, The Finico, Caspian Crocus, B2B Jewelry, "ПК Елімай-2019", "Мебельный проект Нур", "Лидер", "Лидер капитал-168", "Нарымбетова", Hermes -LTD және т.б. сияқты қаржылық пирамидалардың қызметіне тосқауыл қойды. олар қарапайым мессенджерлерден бастап білім беру курстары мен жылжымайтын мүлік сатып алуға дейін әртүрлі қызмет түрлерін ұсынып, азаматтардан ақша алудың қылмыстық схемаларын іске асырды", - деп мәлімдейді ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

Агенттік өкілдерінің сөзінше, "компаниялар қаржы пирамидасы болып, халық жинаған қаражатынан айырылып жатқанына қарамастан, кейбір азаматтар қылмыскерлердің жарнамалық науқандарына ілініп, әлі ақша салып жатыр".

Осыған байланысты Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды қырағы болуға, жинағын күмәнді қаржылық компанияларға салмауға шақырды.

"Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының қызметіне тап болса, бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігіне дереу хабарлауыңызды сұраймыз", - делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу