"Алматы-Қорғас" республикалық маңызы бар автожолы жабылды

1645

Бұл бағыт көлік қозғалысы үшін жабылды. 

"Алматы-Қорғас" республикалық маңызы бар автожолы жабылды

25 желтоқсан күні сағат 10:00 шамасында Алматы-Қорғас тас жолының 134 шақырымында қолайсыз ауа райының салдарынан қалың тұман болып, 17 автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz Алматы облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жол апатынан бес адам зардап шегіп, олар медициналық тексеруден өту үшін Шелек ауылындағы облыстық ауруханаға жеткізілген.

Оқиға орнында патрульдік полиция жұмыс істеп жатыр.

"ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ Алматы облыстық филиалы мен "Қазақавтожол" ЖШС Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, 2021 жылғы 25 желтоқсан сағат 12:00-ден бастап күн райының нашарлауына, яғни қалың тұман түсіп, жолдың көрінбеуіне байланысты "Алматы-Қорғас" республикалық маңызы бар автожолы жабылды. Нақты аталған бағыттың 24-140 шақырымында қозғалыс тоқтатылады. Бұл Арман кенті мен Шелек ауылының маңы. Бұл бағытта автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды", – делінген Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Алматы облысының ТЖД  бұл бағытқа шықпауға кеңес береді.  

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Алматы облысында болған жол-көлік апаты жайлы видеолар тараған болатын.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу